Жаңалықтар

Түрік компаниясы Шуда қант зауытын салады

Түрік компаниясы Шуда қант зауытын салады

Шу қаласында жаңа қант зауыт салынады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі- Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, елімізде қант тапшылығына қатысты проблема туындамайды. «Өткен жылы елімізде 306 мың тонна қант өндірілді. Бұл өте жоғары нәтиже. Себебі бұған дейін көрсеткіш жылына 100 мыңнан сәл жоғары болған»- дейді ол. Айта кетсек, Әлихан Смайылов Үкімет отырысында тауарлардың көлемі мен бағасын ерекше бақылауда ұстау қажеттігін тапсырған еді. Сонымен қатар Премьер-Министр азық-түлік бағасына қатысты әкімдіктердің тиімді жұмысын сынға алды.