Әлеумет

Ер адам пойызда 6,7 млн теңгесін ұмытып кеткен

Ер адам пойызда 6,7 млн теңгесін ұмытып кеткен

Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері қомақты қаржы салынған сөмкені тауып, иесіне қайтарды.

3 ақпанда Астана қаласының 43 жастағы тұрғыны Денис Чернецкий Есіл стансасындағы желілік полиция бөліміне хабарласып, 4 млн теңге мен 6 мың доллар (2,7 млн теңгеден астам, - ред.) салынған сөмкесін жоғалтып алғанын айтқан. Ол Алматы-Орал бағытындағы жолаушылар пойызымен достарымен кездесу үшін Есіл стансасынан түсіп, сөмкесі жоқ екенін үйге барғанда бір-ақ байқаған. Сөмкеде қомақты ақша мен құжаттар болған. Ол бірден Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне хабарласыпты. Сөмкенің иесі Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне алғысын білдірді.