Түркияда жер сілкінісінен 76 адам қаза тапты
Түркияда жер сілкінісінен 76 адам қаза тапты
Агенттіктің мәліметінше, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болған. Содан кейін жер сілкінісі әртүрлі аймақтарда – Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген. Дәл қазіргі жағдайда табиғи апат салдарынан қаза тапқан 76 адам анықталған. - Османие провинциясында кемінде 7 құрбан бар. - Малатияда кемінде 23 адам қаза тапты, 420 адам жарақат алды, 140 ғимарат қирады. - Диярбакыр провинциясында 8 қабатты ғимарат опырылып, 6 адам қаза тапты. - Шанлыурфа провинциясында кем дегенде 16 үй құлады. Қаза тапқандар саны 15-ке жетті. - Аданада 3 көпқабатты тұрғын үй толығымен қирап қалды. Түркия елінің басшылығы қауіп-қатердің ең жоғары деңгейін жариялады. Ол бойынша халықаралық көмекке жүгіну мүмкіндігі қарастырылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі де толықтырылып жатыр.