Жамбылдың бірнеше ауданында тасқын қаупі жойылды
Жамбылдың бірнеше ауданында тасқын қаупі жойылды
Жамбыл облысында су тасқынымен күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ТЖМ сілтеме жасап.
«Жамбыл облысында еріген қар және жаңбыр суының басу салдары жойылды. Қазіргі уақытта Меркі және Тұрар Рысқұлов ауданында алдын алу шаралары жалғасуда, еріген қар суын ашық аумақтан айдау жүргізілуде. Сонымен қатар су бұру арналары тазартылып жатыр. Бұл жұмыстарға 140-қа жуық адам және 40-тан астам техника жұмылдырылған», - делінген министрлік хабарламасында.