Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жылу мәселесі бойынша тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жылу мәселесі бойынша тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды. Arainfo бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді. Еске салайық, Екібастұзда жылумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.