AMANAT-тың партиялық тізімі 75 пайызға жаңарды - Қошанов
AMANAT-тың партиялық тізімі 75 пайызға жаңарды - Қошанов
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.
Оның айтуынша, AMANAT партиясы өз кандидаттарын барлық депутаттық мандатқа, яғни барлық деңгейдегі 223 мәслихатқа ұсынады.
Қошановтың атап өтуінше, партиялық тізімдерде 20 өңірлік мәслихатта «жаңа есімдердің» үлесі – 75 пайыз. Оның ішінде әйелдер – 31 пайыз, 29 жасқа дейінгі жастар – 23 пайыз. Үміткерлердің орташа жасы – 46.
Ол партия ұсынған кандидаттардың жартысынан көбі бұған дейін қалалық және аудандық мәслихаттарда депутат болмағанын атап өтті.