Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

Мемлекет басшысы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Ақорда-ға сілтеме жасап.

Бақтықожа Ізмұхамбетов «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 2022 жылы атқарған жұмыстары мен биылға арналған жоспарын баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалардың жүзеге асуына «Ардагерлер ұйымы» да атсалысып жатқаны туралы айтылды. Сонымен қатар республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы елдің әлеуметтік-экономикалық бағытына қатысты бірқатар ұсыныс берді.