Жаңалықтар

Президенттің төрағалығымен елорданы дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтеді

Президенттің төрағалығымен елорданы дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтеді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынға Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері және орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысады. Кеңес отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Премьер-Министрдің орынбасарлары Роман Скляр мен Алтай Көлгінов баяндама жасайды.