Балалар смартфонды ұзақ ұстап, «цифрлық аутизмге» шалдығып жатыр – депутат
Балалар смартфонды ұзақ ұстап, «цифрлық аутизмге» шалдығып жатыр – депутат
Ол депутаттық сауалын премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдады. Айутынша, бүгінде әлемде және Қазақстанда да «цифрлық аутизм» белгілері байқала бастаған. Балалар смартфонды ұзақ ұстауы салдарынан есте сақтау, көру және сөйлеу қабілетінен айырылып жатыр. Олардың өз бетінше ойлауы, ұзақ мәтіндерді қабылдауы, айналаға назар аударуы қиынға соғып отыр.
Осыған байланысты Нұртөре Жүсіп мектептер мен балабақшалардағы ата-аналар комитеттеріне, сондай-ақ салалық үкіметтік емес ұйымдарға киберманияның зияны туралы белсенді түрде айтуды ұсынды. Сондай-ақ сенатор өскелең ұрпақтың денсаулығына бақылау жүргізу керектігін жеткізді. «Үкіметке жаңа туған нәрестелерді жаппай ретинопатия және аудиологиялық скринингтен өткізудің сапасына мән беруді, Алматы қаласындағы А.Островский атындағы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған №4 мектеп-интернатқа қосымша ғимарат салуды ұсынамыз. Логопед және офтальмолог мамандықтарына бөлінетін мемлекеттік грант санын көбейту маңызды», - деді депутат.