Жаңалықтар

"Жасыратын ештеңем жоқ". Қаржы министрі кіріс туралы декларацияны жариялауға уәде берді

"Жасыратын ештеңем жоқ". Қаржы министрі кіріс туралы декларацияны жариялауға уәде берді

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа табысы туралы декларацияны қашан тапсыратыны туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қаржы министрлігінің басшысы жалпы декларациялау мемлекеттік қызметшінің заңбұзушылықтарын табу үшін жасалмайтынын атап өтті.

Ұсақ заңбұзушылықтар болды ма деген сұраққа министр: "Әрине. Жалақы дұрыс көрсетілмеген кездер болды. онда дұрыс толтыру қажет ұяшықтар бар. Қайталап толтыру немесе толтырмау бар екенін көрсек, оны көрсеттік". Жамаубаевтың айтуынша, бұл жағдайлар техникалық қателерге қатысты болған.