СУБСИДИЯЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?
СУБСИДИЯЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?
Диас НҰРСЕЙІТ, кәсіпкер
– Малшаруашылығында асылтұқымды мал басын сатып алу кезінде шошқа шаруашылығын қоспағанда, барлық қолданыстағы субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Әр шошқаның өтеу нормативі өз құнының 50 пайызын құрайды. Бірақ бұрын қолданыста болған 140 мың теңгенің орнына бір шошқаға 100 мың теңгеден аспайды. Селекциялық-асылтұқымдық жұмыс саласында жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты бұқалар мен қошқарларды жалға беруді субсидиялау ғана жойылады. Тауар-спецификалық субсидиялар өзгеріссіз қалады. Алайда келесілер күшін жояды: - күркетауық еті мен суда жүзетін құстарды субсидиялау, өйткені олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жатпайды; - меншікті аналық басы жоқ кооперативтерге дистрибьюторлық орталықтар көрсеткен қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді субсидиялау; - асылтұқымды мал импорты кезінде екінші деңгейлі банктегі қаржы институтының арнайы шотына субсидиялар аудару. Жұмыртқа шаруашылығы бойынша норматив бір жұмыртқа үшін 3 теңге болып қалады. Бұл ретте 1-санаттағы жұмыртқаларды сатудың шекті бағалары әкімдіктермен жасалған меморандумдар негізінде белгіленеді. Бұқашықтар мен тоқтыларды бордақылауға және ет комбинаттарына тапсыру бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Алайда малды өздерінің бордақылау алаңдарына көшіретін шаруашылықтар үшін орын ауыстыру нормасы жойылады. Жемшөпті субсидиялау бойынша субсидияларды алудың нормативтері мен критерийлері ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде әкімдіктердің қаулысымен бекітіледі.
Тұңғыш ЖАНҰЗАҚОВ, облыс әкімдігі ауылшаруашылық басқармасының баспасөз хатшысы