Жыл басынан бері Жамбыл облысында 385,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Жыл басынан бері Жамбыл облысында 385,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Басқасудың күн тәртібіндегі мәселеден бұрын облыс әкімі күзгі тазалық айлығының өту барысы, қоқыстардың шығарылуына қатысты кемшіліктерді слайд арқылы көрсетіп, жауаптылардың жұмысын сынға алды.
Бұдан соң экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасап, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы және тоғыз ай бойынша болжамды көрсеткіштерге тоқталды.
Ал, қаржы басқармасының басшысы Жақсылық Сапаралиевтің айтуынша, осы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес облыс бюджетінің кірістері 364,4 миллиард теңгеге немесе 103,3 пайызға орындалған. Сонымен қатар, облыс бойынша бюджеттік қаражаттар 98,5%-ға игерілген. Аймақ басшысы тиісті индикаторға қол жеткізе алмаған аудан әкімдері мен басқарма басшыларынан жеке-жеке жауаптар алып, жұмыстарын сынады. Облыс әкімі инвестиция тарту ісіне немқұрайлы қарауға болмайтынын, ол үшін қолда бар әлеуетті барынша пайдалану, үйлестіру шараларын күшейту керектігін атап өтті. Барлық жоспарлы көрсеткіштер тоғыз айдың қорытындысымен 100 пайыз орындалу қажеттігін ескерткен Нұржан Нұржігітов жиын қорытындысымен жауаптыларға нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеді.