Жамбыл облысындағы төбеден екі оқушы тарихи жәдігер тауып алды
Жамбыл облысындағы төбеден екі оқушы тарихи жәдігер тауып алды
Археологтардың айтуынша, қола әшекейлері бар бұл жәдігер біздің дәуіріміздің ІХ-ХІІ ғасырларына жатады. Енді мамандар тарихи олжа орнында зерттеу жұмыстарын жүргізбек. Былтыр көктемде Төле би атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Артем Муравьев төбеде ойнап жүріп, байқаусызда таңбалары мен керамикалық бұйымдары бар білезікті тауып алады. Біраз уақыттан кейін 6-сынып оқушысы Жұмабай Қасымхан қола сырғалар мен білезіктер тапты. Тарихи олжа туралы ұлдар бірден ересектерге айтып берді. Жергілікті мектепте тіпті осындай жәдігерлер қойылған бұрыш та бар.
Ғалымдар IX ғасырда бұл жерлерді Қарлұқ қағанаты билесе, бір ғасырдан кейін Қарахандар келді дейді.
Бұл төбе - сол заманда Ұлы Жібек жолының бас тармағы болмаса да, қосалқы тармағында орналасқан "Адахнет" деген елді мекен еді. Археологтардың айтуынша, соған қарамастан, мұнда сауда жақсы дамыған.
Мамандар құмыраның жақсы сақталғанына қарап, зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.