Әлеумет

«Қабылданып жатқан шаралар тиімсіз». Президент қымбатшылық мәселесіне назар аударды

«Қабылданып жатқан шаралар тиімсіз». Президент қымбатшылық мәселесіне назар аударды

Астанада азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты қабылданып жатқан шаралар тиімсіз болып отыр. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы барысында айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Астана азық-түлікті Алматыдан 4 есе, ал Шымкенттен 2 есе аз өндіреді. Жалпы, барлық өңірмен салыстырғанда қала бұл көрсеткіш бойынша соңғы орында тұр. Кейінгі 8 жылда елордаға әкелінген азық-түлік импорты 3 есеге артты.

Осыған байланысты мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, елорданың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды.