Жамбылдық боксшылар Азия чемпионатынан олжалы оралды
Жамбылдық боксшылар Азия чемпионатынан олжалы оралды
Сары құрлық бәсекесіне ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Жамбыл облысынан 2 боксшы қатысып, жүлдемен оралды. Жүлдегерлерді қарсы алу шарасына облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылық құрамы, бапкерлер, спортшылар мен туыстары қатысты. Айта кетейік, жерлесіміз Диас Молжігітов 75 келі салмақ дәрежесінде алғашқы кездесуінде Қырғыз Республикасының боксшысы Даниел Абдурахмановты жеңіп, жартылай финалда қытайлық Кахаер Аиликутиден басым түсті. Финалда өзбек боксшысы Абдуллаев Алокхонға 4-1 есебімен ұтылып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ Назерке Серік 63 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалда монғолдық былғары қолғап шебері Ганзорик Бадмарға ұтылып, қола жүлдегер атанды.