Әлеумет

Шымкентте қараусыз қалған 5 жасар бала бассейнге батып кетті

Шымкентте қараусыз қалған 5 жасар бала бассейнге батып кетті

Шымкенттегі фитнес-клубтардың бірінде қараусыз қалған бала бассейнге батып кетті, деп хабарлады Otyrar.kz.

2018 жылы туған баланың өлімі туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Полиция мәліметінше, қараусыз қалған бала тереңдігі 1,2 метр болатын бассейнге батып кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.