Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 8 айда қазақстандықтарға 1,9 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген. Қыркүйек айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244,1 миллиард теңге бөлініп, оның 74,2 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 169,9 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленген.