Тараптар меморандумға қол қойды
Тараптар меморандумға қол қойды
Арнайы ұйымдастырылған семинар қорытындысының нәтижесінде аудан әкімдігі, жұмыс берушілер мен 100 жылдық тарихы бар білім ордасы арасында келісім жасалып, тараптар арнайы меморандумға қол қойды. Бұл дегеніміз алдағы уақытта меморандум шеңберінде жергілікті атқарушы орган мен білім ордасы бірлесе отырып, жастардың мемлекет тарапынан тегін білім алуына мүмкіндік жасалып, қажетті де білікті мамандарды даярлауды қолға алса, жұмыс берушілер жұмысқа қабылдау туралы міндеттеме алып, меморандумға қол қойып отыр. Кеңес соңында семинар қатысушыларына білім беру мекемесінің мүмкіндіктері мен материалдық-техникалық базасы толық таныстырып, колледж қонақтары сапалы да білікті мамандарды дайындауға толық мүмкіндіктері де бар екенін жеткізді. Келелі өткен кездесудің нәтижесінде күн тәртібінде қаралған мәселелер алдағы уақытта өз шешімін табады деп айтуға толық негіз бар.
Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы