Қазақстанда екі мың бала тегін ұша алады
Қазақстанда екі мың бала тегін ұша алады
2023 жылы Қазақстанда екі мың бала тегін ұшуға мүмкіндік алуы мүмкін, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Асхат Оралов алдағы жоспарларды бөлісіп, Kids Go free бағдарламасы қызметін пайдаланатындар санын 2 мыңға жеткізу керегін айтты.
Министрдің сөзінше, сонымен қатар Kids Go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар авиабилетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтінімдер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды.