69 мың теңге айыппұл. Мұғалімді боқтағандардың қанша теңге төлейтіні белгілі болды
69 мың теңге айыппұл. Мұғалімді боқтағандардың қанша теңге төлейтіні белгілі болды
Мұғалімді боқтағандардың қанша теңге төлейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді. 2023 жылғы наурыз айынан бастап заңға қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 69 мың теңге айыппұл салынады немесе 30 тәулікке қамауға алынатыны туралы өзгерістер енгізіледі.
Мұқанова бұл балағат сөз айтқаны үшін енгізілген жалғыз норма емес, сонымен бірге тағы бірнеше норма заңда қарастырылғанын айтты.
2023 жылдан бастап 1 АЕК 3450 теңге болып бекітілгенін еске сала кетейік.