Енді университеттің жабылуына құрылтайшы жауап береді
Енді университеттің жабылуына құрылтайшы жауап береді
Енді университет жабылса, ондағы студенттерге құрылтайшы жауап береді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, салада «Таза парақтан» атты жаңа реттеуші саясаты қолданылады. Оған сәйкес, тексеріске жататын субъектілердің тізімін адам анықтамайды. Енді жұмыс (ЖОО-ны тексеру – автор) автоматты түрде жүргізіледі. Әр субъектінің өзінің ақпараттық жүйесі болуы керек. Ол мемлекеттік органдардың жүйесіне қосылады, ал біз өз тарапымыздан тиісті критерийлерді анықтаймыз, - деді Гүлзат Көбенова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатынан соң. Оның айтуынша, Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылған.
Айта кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі биыл 15 университеттің тексерілетінін айтқан еді.