Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі Протоколының бастығы тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі Протоколының бастығы тағайындалды

Серік Кеңесұлы Әшіров ҚР Премьер-Министрі Протоколының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Серік Әшіров 1986 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.