Министрлік университеттердің 2022 жылғы рейтингісінің қорытындысын шығарды
Министрлік университеттердің 2022 жылғы рейтингісінің қорытындысын шығарды
Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖОО-лардың 2022 жылғы рейтингісінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Зерттеуді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізді. Жоғары оқу орындарының 2022 жылға арналған білім беру бағдарламаларының рейтингі туралы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова айтып берді. Бұл рейтингтің негізгі мақсаты – ЖОО-лар мен жұмыс берушілердің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, нарық сұранысына сәйкес кадрларды даярлау.
Рейтинг үш негізгі блокқа біріктірілген. Олар – түлектердің мансаптық перспективалары, білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері. Комитет төрағасы брифингте 2022 жылдың қорытындысына тоқтала кетті. Жоғары білім министрлігі өкілі ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігі туралы сөз қозғады.
Айтуынша, жекелеген білім беру бағдарламаларына тартылған практик мамандардың үлесі 71%-ға жетіп отыр.