Әлеумет

Бағдат Мусин дәрігерлерді қағазбастылықтан босатты

Бағдат Мусин дәрігерлерді қағазбастылықтан босатты

Дәрігерлерді артық қағазбастылықтан босату мақсатында олардан талап етілетін анықтамаларды дерекқордан сұрату мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

Кеше Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елордадағы Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, қызмет түрлерін алуға келген тұрғындармен сөйлесті.

Бұған қоса, министр азаматтармен сөйлесу барысында президенттің бюрократияны жою, артық қағазбастылыққа жол бермеу туралы тапсырмасы бұзылып отырғанын жеткізді.

Сонымен бірге, ол халыққа сапалы әрі жылдам қызмет ұсыну мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының персоналы адамдарға барынша бағдарлана түсуі тиіс екендігін атап өтті.