Жақып Асанов, Мәулен Әшімбаев және тағы үш сенатор тағайындалды
Жақып Асанов, Мәулен Әшімбаев және тағы үш сенатор тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сенаттың бес депутаты тағайындалды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Жақып Қажманұлы Асанов; Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев; Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп; Ләззат Молдабекқызы Қалтаева; Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2023 жылғы 24 қаңтар, № 112», - делінген құжатта.