Әлеумет

«Жүгенсіз» жасөспірімдерді жөнге кім салады?

«Жүгенсіз» жасөспірімдерді жөнге кім салады?

Кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыстың полиция қызметкерлері үнемі рейдтік іс-шаралар кешенін өткізеді.

Кезекті рейд жұмыстары барысында 8 ойын-сауық мекемесінде сағат 22:00-ден кейін ересектердің ертіп жүруінсіз болған 20 жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал ойын-сауық мекемелерінің иелері ҚР Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төледі. Сонымен қатар 21 жасқа толмаған адамға ішімдік сату деректері бойынша үш дүкеннің иесі ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (ҚР-ның алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзу) жауапкершілікке тартылды. 7 күн ішінде облыста 43 рейд жүргізілді, оның барысында ІІО-ға 62 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. 132 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 6 жасөспірім және 2 қолайсыз отбасы есепке алынды. Қаңғыбастық үшін Кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығына 2 жасөспірім орналастырылды. – Ювеналды полицейлердің жалпы міндеті – балалар өмірінде болуы мүмкін мәселелердің алдын алу және қиындықтардан қорғау. Ата-аналарға хабарласып, балаларының бос уақыты мен қоршаған ортасын бақылап, назарда ұстауын ескертеміз. Кәмелетке толмағандардың түрлі заңға қайшы әрекеттер жасауы көбіне ата-ана мен бала арасындағы тәрбие байланысының болмауынан туындауда, – дейді облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Әлішер Қалышев.

«AR-AI»-ақпарат