«Қазақ газеттері» мен «Егемен Қазақстан» біріктіріліп, оған Дихан Қамзабекұлы басшы болды
«Қазақ газеттері» мен «Егемен Қазақстан» біріктіріліп, оған Дихан Қамзабекұлы басшы болды
Министрдің мәліметінше, «Қазақ газеттері» мен «Егемен Қазақстан» ЖШС-ның бірігу жұмыстары сәтті аяқталды. «Қазақ газеттері» деп аталатын құрылым өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты деп айта аламыз. Жаңа құрылым жаңа ғимаратта жұмысын бастады. Ұжым қызметкерлерінің жалақысы, қаламақы және сыйақы өсті. Алда да атқарылатын жұмыс көп. Енді «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары бір шаңырақтың астында қызмет істейді. Бұл – ортақ ақпараттық қызмет», - деп жазды Дархан Қыдырәлі. Ол сондай-ақ «Қазақ газеттеріне» келген жаңа басшылар туралы жазды. «Екі ұжымның бірігуіне орай «Қазақ газеттерінің» бас директоры болып академик Дихан Қамзабекұлы тағайындалды. Сондай-ақ белгілі журналист Думан Анаш «Қазақ газеттері» бас директордың орынбасары – Алматы филиалының басшысы, Ерлан Жүніс «Ана тілі» газетінің бас редакторы және Асыл Сағымбеков «Мысль» журналының бас редакторы болып тағайындалды», - деп хабарлады министр.