Жаңалықтар

Мәжіліс сайлауына қатысуға 7 партияға рұқсат берілді

Мәжіліс сайлауына қатысуға 7 партияға рұқсат берілді

Орталық сайлау комиссиясы жеті саяси партияға Мәжіліс сайлауына қатысуға рұқсат берді, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

ОСК партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға төмендегі партияларға рұқсат берді: - «Amanat» партиясы; - «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы; - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы; - «Байтақ» қазақстандық жасылдар партиясы; - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы; - Қазақстан халық партиясы; - «Respublica» партиясы. Бұл ретте «Байтақ» саяси партиясына тиісті құрылымдық бөлімшелердің болмауына байланысты Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстары мәслихаттарының депутаттарын сайлауға ғана қатысуға рұқсат берілді. Сондай-ақ «Республика» партиясы тиісті құрылымдық бөлімшелердің болмауына байланысты мәслихат депутаттарының қатысуына жіберілмеді. Дегенмен кандидаттарды ұсыну кезеңі 20 қаңтар мен 8 ақпан аралығы болғандықтан, аталған екі партия осы кезең аралығында өңірлерде өз филиалдары мен өкілдіктерін ашып, оларды тіркеген жағдайда Мәслихаттар депутаттарының тиісті сайлауына қатысуға рұқсат алуына мүмкіндіктері бар. Қалған партияларға мәслихаттар сайлауына шектеусіз қатысуға рұқсат етіледі.