Шекарашылар зергерлік бұйымдарды өткізудің жолын кесті
Шекарашылар зергерлік бұйымдарды өткізудің жолын кесті
2023 жылғы 19 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының “Қордай” автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстанның екі азаматының ірі көлемде зергерлік бұйымдарды кіргізу әрекетінің жолын кесті.
Шекарашылар тексеру барысында автокөлік салонында жалпы салмағы 275 келі зергерлік бұйымдар салынған 8 жол сөмкесі анықталды. Зергерлік бұйымдар Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшелеріне одан әрі тексерістер жүргізу үшін берілді.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі