Жаңалықтар

КӨМІЛГЕН ҚАРУ МЕН ОҚ-ДӘРІЛЕР ТАБЫЛДЫ

КӨМІЛГЕН ҚАРУ МЕН ОҚ-ДӘРІЛЕР ТАБЫЛДЫ

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында 1 күнде атыс қаруы мен оқ-дәрілер көмілген жасырын екі орынды тапты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Тектұрмас» кешенінің аумағында цемент бетондардың астынан қаңтар оқиғасы кезінде облыстық полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған тапанша табылып, тәркіленді. Сондай-ақ 9 миллиметр калибрлі 5 жауынгерлік патроны бар «ПМ» маркалы тапаншаның оқжатары, нөмірлері өшірілген 12 миллиметр калибрлі екі ұңғылы тегіс ұңғы аңшы мылтығы табылды. Сол күні Ниетқалиев көшесінде орналасқан аяқталмаған ғимараттың жертөлесінде 05.01.2022 жылы Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған 7,62 миллиметр калибрлі «Benelli SAT 13299» мылтық карабині табылды. Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің арасында белгісіз маркалы газ револьвері, 5,45 миллиметр калибрлі 43 патрон, 7,62 миллиметр калибрлі 17 патрон, сақтандырғышы бар жарық-шу гранатасы, 5 қол газ гранатасы болды. – Екі дерек бойынша да сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен (қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруды іздеу жұмыстары жалғасуда, – дейді облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі