ІШІМДІК САТЫП, АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ
ІШІМДІК САТЫП, АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ
Мысалы, кәмелетке толмаған сатып алушылардың бірінің айтуынша, жаңажылдық мерекелер кезінде сатушылардың ешқайсысы одан 21 жасқа толғанын растайтын құжатты сұрамаған. Алкогольді ішкеннен кейін екі жасөспірім уланып, ауруханаға жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігі (18 жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болуы) бойынша 5 АЕК (15 315 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен хаттама жасалды. Сонымен қатар ата-аналармен және кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді. Дүкен иесіне қатысты 40 АЕК (122 520 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар облыстық полиция департаментінің бастамасымен жергілікті атқарушы органдарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болу тәртібін реттейтін ҚР қолданыстағы заңнамасын түсіндіру мақсатында дүкендер, кафелер, барлар, компьютерлік клубтар мен ойын-сауық мекемелерінің иелерімен кездесулер ұйымдастыру туралы хат жолданды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі