Киіз аяқкиім кигіңіз келсе...
Киіз аяқкиім кигіңіз келсе...
Қазіргі уақытта көптеген жандар киізден жасалған аяқкиімді ұнатады. Өйткені олар оның тек жылы және ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар басқа аяқкиімдерге ұқсамайтын ерекшелігін де біледі. Өндірістің құпияларын біліп, оны өз қалауынша өрнектеп, этностильді пайдаланып түрлі қалыпта өзі қолдан жасауды үйренгісі келетіндер саны жетіп артылады. Осыған орай жуырда ҚХА халық шығармашылығы шеберлері клубында аяқкиімді киіз басу арқылы дайындау шеберлік сағаттары өтті. Іс-шара Жамбыл облысының «Өшпес мұра» атты қолөнершілер қауымдастығы және «Жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар» бірлестігімен бірлесе өткізілді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында осы ұйыммен ынтымақтастық туралы өзара меморандум жасалған болатын. Халық шығармашылығының шеберлік сыныбының шеберлері Гүлжазира Құдайбергенова мен Сталина Хе шеберлік сағаттарында құнды дәріс берді. Біздің өңірдің түрлі этномәдени бірлестіктерінен 15 қолөнерші киізден аяқкиім жасауды үйреніп жүр. Қатысушылар осы үрдістің барлық кезеңдерін егжей-тегжейлі талдауға, тәжірибе алуға және киіз басып, одан аяқкиімді өз бетінше жасауға толық мүмкіндік алды.
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі орталығы