12 желтоқсан «Алаш күні» деп ресми белгілене ме
12 желтоқсан «Алаш күні» деп ресми белгілене ме
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының 12 желтоқсанды «Алаш күні» деп ресми белгілеу туралы сауалына жауап берді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.«Тәуелсіздік күнінің қарсаңындағы 12 желтоқсанды – «Алаш күні» деп ресми белгілеуге қатысты депутаттық сауалға келесіні хабарлаймын. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша құрылған мемлекеттік комиссия жұмыс істеуде. Мемлекеттік комиссия өз құзыретіне сәйкес 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық, заңды және саяси тұрғыдан ақтау мәселелерімен айналысуда. Жыл сайын «Ақ жол» партиясының бастамасымен ұйымдастырылатын «Алашқа тағзым» шеруі мен жылдағы дәстүр бойынша 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жоғары деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта, көтерілген мәселе Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болады»
, - деп атап өтеді Әлихан Смайылов жауабында.