ТАЭКВОНДОШЫЛАРДЫҢ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСЫ
ТАЭКВОНДОШЫЛАРДЫҢ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСЫ
Байрақты бәсекеде Өмірәлі Нышан К44 санатында +80 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанып, ел мерейін үстем етті. Азия чемпионаты барысында ерекше өнерімен көзге түскен жерлесімізге ақтық бәсекеде сәттілік серік болмай, күміс жүлдені қанағат тұтты. Айта кетейік, Қазақстан сапынан 10 үздік спортшы ел намысын қорғады. Жалпы есепте Иран мен Өзбекстанды алға жіберген Қазақстан құрамасы үшінші орынды иеленді. Ал мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Спорттық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы, Өмірәлі Нышанның жеке бапкері Нұржан Есілбаев чемпионаттың қорытындысы бойынша ең үздік бапкерге тиесілі арнайы сыйлықты иеленді. Сондай-ақ Хошимин қаласындағы жастар және жасөспірімдер арасындағы құрлықтық біріншілікте таэквондошы жерлестеріміз де жерге қаратпады. Атап өтер болсақ, жасөспірімдер сапында Айым Серікбай (33 келі) салмақта күміспен күптелсе, жастар арасында Нұрасыл Қуандық қола жүлдемен қуантты. Ал жасөспірімдер арасында Нұрайым Жұмабек 44 келіде Азия чемпионатының қола жүлдесін қанағат тұтты. Осылайша таэквондошыларымыз толағай табысқа қол жеткізіп, абыройымызды асқақтатты.