Әдепсіз сөз де әлекке салады
Әдепсіз сөз де әлекке салады
», дейді А.Құрымбаев. Азамат Құрымбаевтың онлайн брифингінен кейін заңдағы бұл өзгерістер қоғамда түрлі пікір қалыптастырып, әлі күнге дейін қызу талқылануда. Мәселен ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, сазгер Қанат Айтбаев осы ретте ең алдымен отандық кино өндірісін қатаң бақылауға алу керектігін жеткізді. «Кейінгі кезде түсірілген фильмдердің көпшілігіндегі диалогтар тұнған боғауыз сөздер. «YouTube» арнасына жүктелген бейәдеп сөздер көп қолданылған кинолардың, телесериалдардың қаралымы миллионнан жоғары. Тіпті мұндай киноларға танымал театр, кино актерлерінің де түсіп, өскелең ұрпақтың санасын улап, жастарды әдеп пен ибадан қашықтатуға барынша «үлес» қосып жүргенін көріп жүрміз. Кино – ең мықты идеологиялық құрал. Фильм арқылы адамның санасын асқақтатып, рухани байытуға да, азғындатып, құлдыратуға да болады. Өте үлкен көлемде айыппұл салып, қатаң жазалауды осы саладан бастау керек», деді Қанат Айтбаев. Қазақ «Аңдамай сөйлеген – ауырмай өледі» дейді. Ал ата дінімізде «Сөйлесеңдер, дұрыс сөйлеңдер» деп, сөйлеу әдебін сақтауды ескертеді. Демек, мұның астарында ұрпақ тәрбиесі тілден, сөзден басталады деген үлкен ұғым жатыр. Сөйлеу тәртібін сақтаған бабаларымыз ешнәрседен ұтылған жоқ. Әйтпесе олардың тілі қылыштан өткір еді. Аналарымыз аузынан шыққан әр сөзді бағамдап сөйлеп, тіпті жөні жоқ қарғыс пен боқтық сөзден бойын аулақ ұстаған. Сондықтан да қатты ашуланған күнде де «Тұқымың өскір», «Қораң малға толғыр» деп боқтап та, қарғыс айтып та алатын. Міне, осыған қарап-ақ қарғысының өзі де алғыспен тең бабалар-ай дейміз. Бізге жеткен бір аңызда Төле би «Дүниеде не тәтті, не ащы?» деген сұраққа «Тіл» деген бір-ақ ауыз сөзбен жауап беріпті дейді. Әрине, тілдің ащы не тәтті болуының сыры да сол тілден шығатын сөздің ұсқынында жатыр. Сондықтан да қазақ «Бұлттан шыққан күн ащы, жаман қатынның тілі ащы» дейді. Мұнда біреуден жәбір, қиянат, қорлық-зорлық көрген адамның аузынан жақсы сөз шықпайтынын меңзеген. Өйткені боқтық сөз бен жаман сөзге үйір халықтың да арғы жағында осындай тағдырлар жатады екен. Әрине, әр елдің, әр жердің өзінің жергілікті сөйлеу диалектісі болатыны сөзсіз. Бірақ біреуді әкесі мен шешесінен боқтаудың өзі ең жеңіл сөз көрінетін бұл қоғамда осындай заңның шығуы жастардың тіл мәдениетін қалыптастыруына өз ықпалын тигізетіні де анық. Алайда боқтықтың да өз жөні мен жолы бар. Бейәдеп сөздер туралы жазушы Ақселеу Сейдімбектің «Бейпіл сөздер» атты кітабы да бар. Демек, біздің ежелден келе жатқан сөз қолданысымызда жаман сөздер тобы бар. Бірақ қазіргі заманда соны орынсыз қолданып ұятқа қалып жатқанымыз жасырын емес. Қазақ қанша ашуланып тұрса да «кісі көңіліне қарап сөйлеу – иманның жартысы» деген ұстанымды ұстанған халық. «Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты» деп, қалай болса солай сөйлеген адамды жақтырмаған. Қазіргі ауыз екі тілдегі екі сөзінің бірі боқтықтан басталатын жастар осыны біле ме? Мейлі, қандай жағдайда да «Аузыңнан шыққанша сөзіңе сен қожасың, аузыңнан шыққасын сөзің саған қожа» деген ұстанымды ұстаған қазақ балалары ешқашан біреуді жөн-жосықсыз балағаттамаған. Ендеше бүгін бізге қожа болып жүрген сөзіміздің сиқы қандай деп те бір уақ ойлап қойғанымыз абзал.
Шапағат ӘБДІР