Жамбыл облысынан Сенат сайлауына екі кандидат қатысады
Жамбыл облысынан Сенат сайлауына екі кандидат қатысады
Парламент Сенаты сайлауында Жамбыл облысы бойынша екі үміткер бақ сынағалы отыр, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.Бастапқыда Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына Жамбыл облысынан 5 кандидат түскен еді. Олар Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы, Оразбеков Аслан Ұланұлы, Умаров Гулан Мухтарұлы, Айтақов Жарылқасын Әбдіғаппарұлы және Арубаев Сәкен Қаланұлы. 5 кандитаттың ішінен 3 үміткер шегерілді. Облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкеліп сайлау туралы заңдарды түсіндіріп, кандидаттарды таңдау тәртібіне тоқталып өтті.
- Біздің осы сайлауға келіп отырған себебіміз сенатқа депутаттарды сайлауымыз керек. 6 жылдық мерзімі аяқталған сенат депутаттарының орнына кандидаттар өздерін ұсынған. Солардың ішінен 2 үміткер қалды. Арубаев Сәкен Қаланұлы мен Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлына халық дауыс беруде, - деді облыстық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалиев.