Министр әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты ұсынысқа жауап берді
Министр әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты ұсынысқа жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Әйелдердің зейнет жасы әр бала туған сайын қысқаруы керек» деген депутаттың ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда азаматтардың зейнетақысы - еңбек өтілімі мен табысына қарай есептеледі.
Сондай-ақ министр 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі болмаса, олардың балалары көп болғанына қарамастан есептелмейтінін атап өтті.