Вице-министр зейнетке шығу жасын әр бала үшін төмендету туралы ұсынысқа пікір білдірді
Вице-министр зейнетке шығу жасын әр бала үшін төмендету туралы ұсынысқа пікір білдірді
«Өздеріңіз білесіздер, бізде жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Азаматтың болашағын әлеуметтік қамсыздандыру жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасында бөлінген. Егер әйел дүниеге әкелген баласынының санына қарай зейнетке ерте шығатын болса, жеткілікті мөлшерде зейнетақы қорын жинақтап үлгермейді. Қазір әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жаспен шектеліп тұр. Енді ол жасты әр бала үшін екі жылдан қысқарту ұсынылып отыр. Мысалы, бес баласы болса, 51 жаста зейнетке шығуы керек. Бұл кезеңде ол жеткілікті соманы жинап үлгермейді», - деді вице-министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде. Оның пайымынша қазір еліміз қолданып отырған үш деңгейлі зейнетақы жүйесі азаматтарға ақылған қонымды зейнетақы тағайындауға мүмкіндік беріп тұр. «Қазір басты мақсатымыз – зейнет жасына жеткен тұлғалардың бәрінің ақылға қонымды зейнетақы алуын қамтамасыз ету. Егер әйелдер зейнетке ерте шығатын болса, базалық зейнетақы мен өздері жинақтап үлгерген соманы ғана ала алады. Яғни, зейнетақы мөлшері жоғары болмайды», - деді Назгүл Сағындықова. Еске салсақ, Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов әйелдердің зейнетке шығу жасын бала санына қарай төмендетуді ұсынған боалтын.