Заң

Ертең Елбасы туралы заңның күші жойылады - сенат төрағасы

Ертең Елбасы туралы заңның күші жойылады - сенат төрағасы

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ертең «Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы туралы» конституциялық заңның күші жойылатынын мәлімдеді.

Парламенттің жаңа регламентіне сәйкес, конститутциялық заңдар екі палатаның бірлескен отырысында қаралады. Отырыс 13 қаңтарға белгіленіп отыр. «Ертең біз парламент палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы туралы" конституциялық заңның күшін жоямыз. Бұл шешімді дайындаған, мәжіліс депутаттары бастамашы болған тиісті заң жобасы бар. Ол құжат тәртіп бойынша қаралды. Әрине, конституциялық соттың шешімі де бар»,- деді Әшімбаев.