Ауыл шаруашылығы

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ӨРКЕН ЖАЙСА...

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ӨРКЕН ЖАЙСА...

Ауыл шаруашылығы – атам заманнан х ал ық тың не гізгі кәсібі мен нәсібі. Сол үшін де асыраушы саланы дамытудың маңызы айрықша. Себебі өңір экономикасын көтеріп, тұрғындар тұрмысын тіктеуде агросектордың тигізер септігі мол. Осы орайда жыл сайын бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге барынша қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та күні кеше жасаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында да саланы өркендетудің басым бағыттарын айқындап берді. 

Жалпы, агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қайта өңдеу ісінің маңызды рөл атқаратыны баршаға аян. Аймақта бұл бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жаман емес. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының соңғы алты айдағы дерегіне сүйенсек, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 200-ге жуық кәсіпорын тіркеліпті. Оның ішінде 153 кәсіпорын қазір нақты жұмыс істеуде. Бұл қатарда ет, сүт, астық, мақсары майын тереңдете өңдейтін кәсіпорындардың аяқалысы қуантады. Сонымен қатар жүн-тері, құс етін, көкөніс, қант қызылшасын, макарон өнімдерін өңдейтін агроқұрылымдардың да алға қойған мақсаты айқын. Сондай-ақ наубайханалардың да тірлігі тындырымды. Ал осы кәсіпорындар 2 148 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өтк ен жылы сүт өңдеуші кәсі по рын д ард ың жүк те месі 87 пайызды құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға артса, 2021 жылы ет өңдеуші кәсіпорынның жүктемесі 38 пайызды құрапты. Статистикалық деректерге сәйкес соңғы алты айда 159,1 мың тонна сүт өндірілсе, оның 48,1 мың тоннасы ішкі нарыққа өткерілген. Ал 21,7 мың тоннасы қайта өңделіп, кәсіпорындардың жүктелімі 57 пайызды құраған. Былтыр 554 тонна сары май өндіріліп, тиісті кезеңімен салыстырғанда нәтиже 77,3 пайызды көрсеткен. Сондай-ақ өткен жылы 321 тонна құрғақ сүт, 1214 тонна қатты ірімшік өндірілген. Биыл ет өнімі 6 айда 59,6 мың тоннаға жеткен. Оның 8,8 мың тоннасы ішкі тұтынымға жұмсалса, 7,7 мың тоннасы қайта өңделіп, кәсіпорындардың жүктелімі 22 пайызды құраған. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 3,5 мың тонна шұжық өнімі өндіріліп өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,5 пайызға артқан. Ал өсімдік майын өңдеуші кәсіпорындар 0,9 мың тонна сұйық май өндіріп, өнім өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,4 пайызға артқан. Өнім өндіру ісінде табысты тірліктер атқарылғанмен, жекелей алғанда кері кеткен тұстар да бар. Айталық мал шаруашылығына өте қолайлы Талас ауданында бірде-бір сүт өнімін өңдейтін кәсіпорын немесе шағын цехтың жоқтығы еріксіз ойға қалдырды. Сол секілді Мойынқұм ауданында да мұндай бағытта бірде-бір кәсіпорын жоқ екен. Ол аудандардағы шаруалардың мүйізді ірі қараны тек азанда өріске айдап салып, кешке күтіп алумен шектеліп отырмағаны анық. Ендеше, тауарлы сүт фермасын дамыту мен сүт және сүт өнімдерін өндіретін зауыт немесе шағын цехтардың санын көбейтуге не кедергі? Оның себебін осы саланың ыстығына күйіп, суығына төз іп жүрген білікті мамандардан сұрадық. Талас ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ауданбек Ерубай сүт өндірісінің қанат жайып, қарқын алмауын аймақ табиғатының қолайсыздығымен байланыстырды. – Ол рас, біздің ауданда бірде-бір сүт цехы жоқ. Бұл бағытта қол қусырып, бекер қарап отырған жоқпыз. Мәселені қаншама рет көтеріп, талай кәсіпкер азаматқа қолқа салдық. Бірақ олар бұл істі құп көрмей отыр. Өйткені осы кәсіп түрі тиімсіз көрінеді. Егер тиімді болса, кәсіпкерлер менен сұрамай-ақ, сүт цехын үйіп-төгіп ашып тастайтын еді. Себебі аудан аумағындағы сиырлар көл-көсір сүт бермейді. Ауданның табиғатты да сиыр ұстауға қолайлы емес. Бұл басынан қуаңшылық арылмайтын аудан ғой. Жуалының, Меркінің жасыл табиғатымен біздің Таласты салыстыруға бола ма? Жуалы мен Меркіде сиыр үйінен шыға сала көк балауса шөпке жайылады. Ал бізде 10-15 шақырымға бақташы айдап барғанда тіске ілінер шөп табылмайды. Осынд ай табиғаты бар ауданнан қандай цех, қандай сүт сұрауға болады? Рас, бір-екі шаруа қожалығымыз шетелден асыл тұқымды сиырлар әкелді. Бірақ Жуалының жерінде ұстап отыр. Себебі өз ауылымызда асыл тұқымды сиырды өлтіріп алам ба деп қорқады. Қолқа салсаң кей азаматтар «Сүт цехын қалай ашамын? Оған сүтті қайдан табамын? Ертең жабылып, шығынға батып жатсам, оның құнын кім төлейді?» деп өзімізге дүрсе қоя береді. Оған не дейсіз? Шындығы осы ғой! Ауданда жұмыс жоқ деп қанша тоқпақтаса да, табиғат жағдайы деген бар. Тараздағы «Көкжиек» сүт кәсіпорны 2 мың тонна сүт жинап беріңіз, танкир қойып берейін дейді. Ол сүт те бізден жиналмайды. Сиыр әркімнің жекеменшігі ғой. Өздері құрт, май, брынза жасап сатады. Соның тиімділігі жоғары. Кезінде Қаратауда сүт зауыты болған. Ол кезде Жуалы, Жамбыл, Талас аудандарынан сүт жиналған. Қазір Жуалының, Ж амбыл ауданының өз цехтары бар. Сосын Қаратаудағы сүт зауыты жабылып қалды. Ал кейіннен Жұмағали деген азамат сүт цехын ашып еді, ол да өзін-өзі ақтамады. Жағдай осы. Сүт өндірісі ауданда күйіп тұрған мәселе. Біздің аудан шаруашылықтары 98 пайыз ет бағытындағы сиыр малын ұстайды. Оны да ескерген жөн, – дейді Ауданбек Тәжібекұлы. Тал ас ауд ан ын ың ауыл шаруашылығына жауапты кісі осылай деді. Кім біледі, тиімсіз болса тиімсіз шығар. Күніге осы мәселемен айналысып жүрген маман істі жақсы біледі ғой. Біздікі сүт цехтары әр ауданда болса, одан неше түрлі өнімдер шығып, аудан дүкендерінің, базарларының сөресінде арзан бағамен тұрса деген тілек қой. Қорыта айтқанда сүт бағытындағы шаруаны ілгерілету үшін мәселеге басқа қырынан қарап, жаңаша жүйеге көшу қажет секілді. Сүт бағытындағы кооперативке тек сауын сиыры барларды топтастырғанша, суармалы жері мен техникалық мүмкіндігін де ескерген абзал. Ауыл шаруашылығы саласында қайта өңдеу ісі қарқын алмайынша, біздің нарық шетел өніміне тәуелділіктен ешқашан арыла алмайды. Осыны облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов жете түсініп, қайта өңдеу ісін ілгерілетуге күш салса игі.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ