Жаңалықтар

Димаш атама

Димаш атама

Айтылғанда ақиқат пен ар әні, Адалдықтың желбіресе жалауы. Биігінен ізгі, асыл мұраттың, Біздер көрдік Қонаевтай дананы. Сыйласа ел ақсақалын сыйласын, Халқымызда ізеттілік күй басым. Қазақ халқы ерекше бір күй кешті, Ардақ тұтып өзінің өр Димашын. Ұрпақпыз біз жақсыға арнап жыр ескен, Ізгі жолмен көңіліміз мың өскен. Димаш ата мақтанышым, қадірлім, Елдің тұтас болуы үшін күрескен. Мәскеу жақтың ұсынысын құп алмай, Берік болды шыңға біткен шынардай. Жиырма бес жыл қазақ елін басқарды, Тұтас күйде, сыртқа шашау шығармай. Димаш ата болмысында бар кие, Сөйлегенде балқып кетер жан жүйе. Әр қазақтың атасындай құрметті, Димаш ата – ол әулие, әулие! Атам айтқан өнегеден нәр алдық, Елдің арлы ұрпақтары саналдық. Қонаевтың екінші аты және бар, Қонаевтың екінші аты – адалдық. Елімізді адалдықпен басқарған, Көрінді елім сонда биік асқардан. Сонша билік бар кезде де өзгермей, Байлық емес, кітаппенен дос болған. Жүрегімді әлдилесе жыр мекен, Көңілімде – Қонаевтай нұр көкем. Өсиетін, кітаптарын көп оқып, Жүрген жолын өміріме үлгі етем. Еркін елміз, төбемде тұр ғажап күн, Болашақта талай елден озатпын. Арманы жоқ, арманы жоқ шынында, Қонаевтай көсемі бар қазақтың!

Назерке САТАЙБЕК, Н.Киікбаев атындағы мектеп- гимназияның 8-сынып оқушысы, Сарыкемер ауылы, Байзақ ауданы