Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 25% көтерілді
Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 25% көтерілді
Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсететін, уақытша баспана ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жұмыс істейтін басшы құрам мен негізгі персоналдың (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және басқа) айлығы өсті. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ға, ал 2022 жылы – 25%-ға өскенін естеріңізге сала кетейік. Сондай-ақ, 2021 жылы лауазымдық жалақының 30%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша өсуі арқылы әкімшілік және көмекші персонал, стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі МӘМ-де, үйде қызмет көрсету және уақытша баспанада жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысы артқан болатын.