Білім

Таразда ауа-райына байланысты оқушылар онлайн оқиды

Таразда ауа-райына байланысты оқушылар онлайн оқиды

Тараз қаласында қолайсыз ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды, деп Arainfo.kz тілшісі қалалық білім бөліміне сілтеме жасап.  “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 «Қолайсыз ауа-райы жағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығы негізінде және қолайсыз ауа-райы жағдайында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында  2023 жылдың 11 қаңтар күні жалпы орта білім беретін мекемелердің  мектепалды даярлық және 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн режиміне ауыстырылатындығы туралы ЕСКЕРТІЛЕДІ!”, делінген жазбада.