Жамбыл жаңалықтары

Мәулен Әшімбаев облысқа жұмыс сапарымен келді

Мәулен Әшімбаев облысқа жұмыс сапарымен келді

ҚР Парламентінің Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев облысқа жұмыс сапарымен келді.

Жоғары палата төрағасы алдымен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік өңірлік университенінің мәжіліс залында жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесті. Басқосуда облыстық мәслихаттың депутаттары Ерболат Саурықов, Керімқұл Бегалиев, Ерқанат Манжуов пен Тараз қалалық мәслихатының депутаты Эльмира Мырза-Ғали ауылдарға интернет тарту, «Серпін» бағдарламасы, қоғамдағы әйелдер мәселелері төңірегінде ұсыныс-тілектерін айтты. Мәулен Сағатханұлы жұмыс сапары аясында Жамбыл, Байзақ, Талас аудандарын да аралап, кәсіпкерлермен кездесетін болады.