Спорт

Лионель Месси мен Криштиану Роналду жолдастық кездесу өткізеді

Лионель Месси мен Криштиану Роналду жолдастық кездесу өткізеді

Лионель Месси мен Криштиану Роналду ойнайтын Францияның «Пари Сен-Жермен» және Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командалары 19 қаңтарда жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Франциялық клуб қысқы оқу-жаттығу жиынының күнтізбесін жариялады. Команда аталған дайындықты жылда Сауд Арабиясы және Қатарда өткізіп келеді. «Пари Сен-Жермен» 17 қаңтарда Қатар астанасы Доха қаласына келеді. Онда 2022 жылғы әлем чемпионаты өткен стадиондардың бірінде жаттығу жұмыстарын жасайды. Одан кейін 19 қаңтарда жергілікті «Аль-Наср» және «Аль-Хиляль» клубтарымен жолдастық кездесу өткізеді. Содан кейін қайтадан Парижге аттанып кетеді. Айта кетсек, «Аль-Наср» командасында португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ойын көрсетеді. Ол аталған клубпен өткен жылдың соңында келісім-шартқа қол қойды.