Ресейліктер Қазақстаннан жаппай көлік сатып алып жатыр
Ресейліктер Қазақстаннан жаппай көлік сатып алып жатыр
Ресейліктер Қазақстаннан жаппай көлік сатып алып жатыр, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі РБК басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Қазақстаннан Түмен облысына көлік әкету 56 есеге артқан. Бұл туралы Өңірлік кеден бөлімі өкілдері мәлімдеді. Сарапшылар бұл жағдайдың себебін шетелдік көлік өндірушілердің көрші елден кетуімен байланыстырған.
Түмен тұрғындарына сарапшылар Корея, БАӘ және АҚШ-тың ірі көлік хабы саналатын Қазақстанда қалай оңай көлік сатып алуға болатыны туралы кеңес беріп жатыр.
Алайда сарапшы Қазақстан азаматтары ғана көлік сатып алып, транзит нөмірлерін ала алатынын ескертті.