БІРНЕШЕ НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ
БІРНЕШЕ НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ
Одан әрі Балалар жылына орай балаларға арналған спорттық ойын алаңын ашу Жайылма ауылында жалғасын тапты. Бұл тарту ауылдың спортсүйер жас жеткіншектеріне тосынсый болды. Ауыл ақсақалдары салауатты өмір салтын қалыптастырып, жас жеткіншектердің бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына үлкен жол ашып отырған аудан әкіміне алғысын білдірді. Бұл елді мекенде спорт алаңымен қатар, «Автобөлшектер» дүкені ашылды. Енді ауыл тұрғындары көлік жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектерін қаладан тасып әуре болмайды. Бұл халық үшін уақытын үнемдей алатын жанға жайлы жаңалықтардың біріне айналды. Сонымен қатар Қамқалы және Жайлаукөл ауылдарында салынған «street workout» алаңшаларының ашылу салтанаты өтті. Аудан әкімнің орынбасары Еркебұлан Есмаханов жаңа нысанның лентасын қиып, ауылдарды аралап, тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелерді қаперге алды. Бірнеше ғимаратқа күрделі жөңдеу жұмыстарын жүргізу бойынша бюджетке ұсыныс енгізетіндігін де жеткізді. Көтерілген мәселе оң шешімін тауып жатса, алдағы уақытта аталған ауылдар күрделі жөңдеуден өтетін болады. Жаңа нысандардың ашылуы ауданымыздың жыл санап көркейіп, заман ағымына қарай жаңаша серпілістердің бастамасына айналғаны сөзсіз.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі