Спорт

Студенттер танымал футболшымен жүздесті

Студенттер танымал футболшымен жүздесті

Биылғы Балалар жылына орай жақында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің «Ұлы дала өркениеті» тарихи орталығында «Спорт, мақсат, нәтиже» атты студент жастар арасында мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. 

«Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша колледжіміздің 2017 жылғы түлегі, спорттың футбол түрінен спорт шебері, «Тараз» және Қазақстан ұлттық құрама командасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен қонақта болды. Алғашқы болып сөз алған колледж директоры Дүйсенбек Абдраимов құрметті қонағымызға және студент жастарға алдағы уақытта спортта үлкен белестерді бағындыратынына, мақсаттары орындалып, жоғары нәтижелерге жететіндеріне сенім білдіріп, жақсы тілектерін арнады. Кеш қонағы М.Сейсен жас спортшыларға тәжірибесімен бөлісіп, ақылын айтты. «Ерінбей еңбек етсеңдер, жоғары нәтижеге жетесіңдер, мен жастарға сенемін!» деп тілектестігін білдірді. Жиын барысында жалынды жас аяқдопшылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Атақты қақпашыдан қолтаңба алып, естелік суретке түсті. Кеш қонағына арнайы сый-құрмет көрсетілді.

Алмас ҚҰРБАНОВ, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің дене тәрбиесі пәні оқытушысы