Білім

Сапасыз университеттер биыл да жабыла ма?

Сапасыз университеттер биыл да жабыла ма?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомствоның кеңейтілген алқа отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Министр университеттердің лицензиясына қатысты сұраққа жауап берді. Сөзінше, университет лицензиясынан тек соттың шешімен айырылады. Конституцияға сәйкес, Үкімет атқарушы билік соттың шешімін өзгерте алмайды. Бұл – Конституцияда бекітілген қағидат.

Министрлік басшысы университетті бұрынғыдай тез жабуға мүмкіндік болмайтынын айтты. Себебі, заңдағы қағидат өзгереді.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бүгінде 5 жеке университетпен сот процесі жүріп жатыр.