Роналдуды «Әл-Наср» шабуылшысы ретінде таныстыру сәтін 3 млрд адам тамашалады
Роналдуды «Әл-Наср» шабуылшысы ретінде таныстыру сәтін 3 млрд адам тамашалады
Криштиану Роналдуды «Әл-Наср» клубының шабуылшысы ретінде таныстырылуын 3 млрд-қа жуық адам тамашалаған, деп жазады championat.com.
Дереккөз ақпаратынша, португалиялық футболшыны клубқа таныстыру сәтін 40-қа жуық арна көрсеткен. Ал 2022 жылғы әлем чемпионатының финалын 2 млрд көрермен тамашалаған еді. Роналдудың «Аль-Насрмен» келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған. Әйгілі футболшы «Ән-Насрға» ауыспас бұрын «Манчестер Юнайтед» клубында ойнады, 2022 жылдың қарашасында жанжал туғызған сұхбаттан кейін командадан кетіп қалды.